Алматыда карантинге жабылған адамдарға 600 дәрігер қызмет көрсетіп жатыр - әкімдік

2020-03-16 11:00:36
Алматыда карантинге жабылған адамдарға 600 дәрігер қызмет көрсетіп жатыр - әкімдік
Кезекшіліктен шыққан дәрігер-медбикелер қоғаммен еркін араласа береді деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматыдағы мамандырылған инфекциялық ауруханаларда қазір 704 адам жатыр. Оқшуаланған аймақта коронавирус жұқтырған 7 адам ем алуда. Ал осы қауіпті дертті жұқтырған адамдар жатқан инфекциялық орталықтарда 600-ге жуық медициналық қызметкер жұмыс ітеп жатыр. Олардың қоғаммен аралсуына шектеу қойылмаған.

«Дәрігерлер, кіші және орта медициналық мамандар қажетті заттармен қамтамасыз етілген.Дәрігерлер ауруханада жатқан тұлғалармен арнайы қорғаныш киімдері арқылы байланыс жасайды. Олардың барлығы бекітілген қауіпсіздік талаптарға сай. Кезекшіліктен шыққан дәрігерлер арнайы зарарсызданудыру шараларымен қамтамасыз етілгендіктен айналадағы ортаға ешқандай қауіп тудырмайды. Қоғаммен араласуға шектеу қойылмаған»,- деді Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

А санатындағы мемлекеттер мен вирус жұқтырған жандармен байланыста болған адамдар үшін 1600-ден астам төсек-орын қарастырылған. Оқшаулау орындары үшін 7 провизорлық медициналық ұйым жұмыс істеп жатыр. Оқшаулау аймағындағы 7 нысанда тағы 3 мыңнан астам адамға арналған орын ашылмақ. Себебі, Алматыда 1 А санаты бойынша карантинге жатқызылатын тұрғындар саны күрт көбейген.
Просмотров материала: 0