Қазақстан Қытайға газ экспортын қысқартты

2020-03-11 13:00:35
Қазақстан Қытайға газ экспортын қысқартты
Қазақстан Қытай еліне газ экспортын 20-25%-ға қысқартты. Бұл туралы бүгін Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты.

«Бүгінде біз Қытайға газ экспортын 20-25%-ға қысқарттық. Бірақ соның өзінде, аталған көрсеткіш былтырғымен бірдей», - деді Н. Ноғаев Мәжілісте өткен жиыннан кейін журналистерге.

Министрдің айтуынша, экспорт көлемін азайтуға Қытай тарапы бастамашы болған. Алайда, министр бұл жағдайдың коронавирус инфекциясына қатысы бар-жоғын білмейтінін айтты.
Просмотров материала: 0