«0,01 пайызбен кредит»: Дипломмен ауылға баратын мемқызметкерлерге қандай жеңілдік қарастырылған

2020-03-11 13:00:35
«0,01 пайызбен кредит»: Дипломмен ауылға баратын мемқызметкерлерге қандай жеңілдік қарастырылған
Енді мемлекеттік қызметкерлер де «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен жұмысқа тұрады, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Мәжіліске «Дипломмен ауылға» бағдарламасын мемлекеттік қызметшілерге қолдану туралы заң жобасын алып келді. Агенттік басшысының айтуынша, осы арқылы ауылдық әкімдіктерге оқыған жастарды белсенді түрде тартуға болады

«Қазір ауылдарда мемлекеттік қызметке баруға қызығушылық жоқ. Бізде көп конкурстар жарияланады. Бірақ үміткер жоқ болғандықтан өтпей қалады. Үміткер болмайтын себебі - оларға ешқандай әлеуметтік пакет қарастырылмаған. Енді «Дипломмен ауылға» бағдарламасында әлеуметтік пакет қарастырылып отыр. Баспана үшін 4 млн теңге кредит 0,01 пайызбен ұсынады. Үстемесі жоқ десе де болады. Екіншіден, 256 мың теңгеден астам жәрдемақы береді. Яғни, осы «Дипломмен ауылға» бағдарламасын пайдалана отырып, ауылдағы мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру керек», - дейді Анар Жайылғанова.

Қазір ауылдардағы жергілікті атқарушы органдарға қатардағы сарапшы мамандар жетіспейді екен. Статистика бойынша, ауылдардағы мемлекеттік қызметке 1068 маман қажет.
Просмотров материала: 0