Алматы облысында сегіз жасар қызды ұрлап әкетіп, екі сағат жертөледе ұстаған ер адам ұсталды

2020-03-11 09:00:39
Алматы облысында сегіз жасар қызды ұрлап әкетіп, екі сағат жертөледе ұстаған ер адам ұсталды
Оқиға 7 наурыз күні Алматы олысы Талдыбұлақ ауылында болған. Үйінің маңында ойнап жүрген 2-сынып оқушысын 30 жастағы ер адам алдап шақырып алып, иесіз, бос жатқан ғимараттың жертөлесіне алып кетіп, арам ойын жүзеге асырмақ болған. Қызға іздеу салған ата-анасы оны 2 сағаттан кейін, ұялы телефоны арқылы тауып алады. Ауыл адамдары күдіктіні сырттай танитын болып шықты. Сөйтсе, нәпсісін тия алмаған ер азамат сол ауылдың, сол көшенің тұрғыны екен деп хабарлайды Almaty.tv.