Пластикпен ластану проблемасын қалай шешеміз?

2020-03-05 13:00:36
Пластикпен ластану проблемасын қалай шешеміз?
2020 жылдың 4 наурызында Алматы қаласында «Пластикпен ластану: шешімдер мен ынтымақтастықты іздеу» конференциясы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Матрица.kz.

Пластик қалдықтарын жинау және қайта өңдеу мәселелерін және оларды шешу жолдарын талқылауға арналған конференцияға ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, ҚР БҰҰДБ, ЮНЕП, ЮНИСЕФ, Алматы әкімдігінің, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнестің өкілдері қатысты.

Конференция барысында халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға пластикпен ластану әкелетін қауіп, пластикалық қалдықтарды азайту саласындағы халықаралық және аймақтық тәжірибе, пластикалық қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі халықаралық заңнама және қызмет, сондай-ақ Қазақстандағы пластик қалдықтарын жинау және өңдеу жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.

Әлемдік қоғамдастық пен экологиялық ұйымдардың ерекше назарына қарамастан, пластикпен ластану қазіргі заманның маңызды экологиялық проблемаларының бірі.

Есептік деректер бойынша Қазақстанда 2018 жылы 483 755,5 тонна пластик түзілді. Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, сол жылы 90 079 тонна пластмасса, пластик, полиэтилен және полиэтилентерефталат қаптамасының қалдықтары сұрыпталды, бұл пайда болған қалдық көлемінің 18%-ын құрайды. Бұл ретте қайта өңдеуге бағытталған пластик қалдықтарының көлемі 17 199 тоннаны құрады, бұл түзілу көлемінің 3%-ын және сұрыпталған пластик көлемінің 19%-ын құрайды. Пластмасса қалдықтарының экспорты 2018 жылы 5 962,5 тоннаны құрады.

«Пластикті қайта өңдеуге «Иә!» деп Айт» жобасы аясында PlastNet желісі құрылды, ол түрлі мүдделі тараптарды біріктіреді және оларға пластик қалдықтарын жинау және қайта өңдеу жүйесін дамыту үшін құралдар береді», - деп атап өтті «Тұрақты дамуға жәрдемдесу» Орталығының жобалар бойынша менеджері Юлия Душкина.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап полигондарда пластикті көмуге тыйым салынды. Сол жылы полиэтилен пакеттерін ақылы пайдалануды енгізу бойынша меморандум жасалды. Бірақ елде әлі де проблемалар сақталып отыр, олардың ішінде мамандар негізгі мәселелердің бірі ретінде мүдделі тараптардың өзара әлсіз іс-қимылын атайды.
Просмотров материала: 6