Ұлттық банк жүргізген сауалнама бойынша халықтың 44% кредит жоқ

2020-03-05 11:00:38
Ұлттық банк жүргізген сауалнама бойынша халықтың 44% кредит жоқ
Қаңтар айындағы деректерге сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың 32% тұтынушылық несие алып, 17% шұғыл қажеттіліктерге, соның ішінде үйлену тойларына, саяхаттарға және емделуге, 6% ипотекалық несие, 4% автокөлік сатып алуға және 3% микроқаржы ұйымдарынан қарыз алды, деп хабарлайды lsm.kz.

Респонденттердің басым бөлігі (44%) тұтынушылық несиесі жоғын айтқан.

«Несиелер бойынша төлем 16% үшін 10-20 мың теңгені, 20 мыңнан 30 мың теңгеге дейін, 40 мыңнан 50 мың теңгеге дейін және 100 мың теңгеден астам борыш респонденттердің 12% тиесілі. 5 мың теңгеге дейін және 80 мың теңгеден 90 мың теңгеге дейін төлемді қазақстандықтардың тек 2% ғана төлейді», - деп жазады портал.

Сондай-ақ, респонденттер өз жинақтарын қандай активтерде сақтайтынын айтты.

«Жартысынан көбі (64%) депозитті, 18% қолма - қол ақша, 10% – жылжымайтын мүлік, 9% жауап беруге қиналды, ал бағалы қағаздар мен өндіріске тек 2% ғана салады. Қаражаттың 74% теңгемен, 24% - ы доллармен сақталады»,- деп жауап қатқан сауалнамаға қатысқандар.

Ай сайынғы табыс сомасына келетін болсақ, 23% – 70 мыңнан 100 мың теңгеге дейін, 21% – 100 мыңнан 150 мың теңгеге дейін, 19% – 40 мыңнан 70 мың теңгеге дейін алады. Сонымен қатар респонденттердің 6% – 40 мың теңгеге дейін және 300 мың теңгеден астам - 6% алады. Кіріс көзі 73% - жалақы, 34% – мемлекеттік жәрдемақы, 14% – басқа кіріс көздері бар, ал 4% – алименттер мен туыстарының көмегі.

Тұрғындар арасында сауалнама 1,5 мың респондент қатысатын телефондық сұхбат арқылы жүргізіледі.
Просмотров материала: 0