Мұхтар Жәкішев бостандыққа шығады

2020-03-03 09:00:39
Мұхтар Жәкішев бостандыққа шығады
Бүгін Семей қалалық сотында өткен тыңдау кезінде судья оның мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Аzattyq-ruhy.

Бұдан бұрын «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев мерзімінен бұрын босап шығу туралы үшінші рет өтініш берген.

«2020 жылдың 6 ақпанында Мұхтар Жәкішев мерзімінен бұрын босап шығу туралы үшінші рет өтініш берді. Оны 10 ақпанда Семей соты қабылдап алды», - деп facebook парақшасында оның адвокаты Нұрлан Бейсекеев жазды.

Мұхтар Жәкішев 2018, 2019 жылдары да мерзімінен бұрын босату туралы өтініш жасаған.

Бүгін адвокат Жәкішевті босату үшін бірнеше себепті атады және соттан оған ақылға қонымды айыппұл белгілеуді сұрады. Сотталушы үшінші топтағы мүгедек.

«Түрмеде қиналып жүр. Соған қарамастан маған білдірмеуге тырысады.Түрмеде тиісті медициналық жабдықтар жетіспейді. Уақытында көмек көрсету, диагнозын қоюға мүмкіндік жоқ»,- деді Нұрлан Бейсекеев.

Ал, мемлекетік айыптаушы Жәкішевті босатуға қарсы уәж ретінде оның мойнына мінген қаражаттың әлі қайтарылмағанын айтты. Оның сөзінше 99 млрд теңгенің бүгінде 272 мың теңгесі ғана өндірілген. Сотталушы 2018 жылы ғана мүгедектік алды. Осы уақытқа дейін түзету мекемемелерінде жұмыс істеп қаражатты қайтаруға мүмкіндік болғанын алға тарты. Сондай ақ, прокурор Жәкішевтің қазіргі сырқаты оны босатуға негіз болуға жарамайтынын, мүгедектігі тұрақы емес, жыл сайын тексеріп, растап отыруы қажет екенін айтты.

Еске салайық, «Қазатомпром» компаниясының экс-басшысы Мұхтар Жәкішев 2009 жылы ірі уран кенорындарындағы мемлекеттің үлесін сатып жіберді деп айыпталды. 2010 жылы сот шешімі оған ақша жымқырды және пара алды деген кінә тағып, 14 жылға сотталды. Қазір ол жазасын Семей қаласындағы қатаң режимдегі колонияда өтеп жатыр.

Семей соты 2018 жылдың 28 қарашасында Мұхтар Жәкішевтің мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырған жоқ. Оған себеп - 99 млрд теңге көлемінде шығынды өтемеуі. Сот Мұхтар Жәкішев екінші рет өтініш жасағанда да (2019 жылдың 24 шілдесінде – ред.) келісімін берген жоқ.

Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық БАҚ-қа берген сұхбатында Мұхтар Жәкішев ісі жайлы

«Жәкішевтің денсаулығына байланысты бірнеше рет мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш бергенін білемін. 3 наурызда сот отырысы өтеді. Соттың шешімін күтейік, оның әділ болатынына сенімдімін», – деген еді.
Просмотров материала: 0