Ходовкамыз салдыр-гүлдір. Көктем келді, жолдар тағы шұрық-тесік

2020-03-03 09:00:39
Ходовкамыз салдыр-гүлдір. Көктем келді, жолдар тағы шұрық-тесік
Жол жоқ вообще. Машина жүретін жол емес. Бұрынғы ата-бабаларымыз арбамен жүрген жол сияқты. Жол азабын жүрген білер. "Талдықорған-Қалбатау-Өскемен" бағытындағы трассаның құрылысы басталғалы көлік жүргізушілерден маза кеткен. Әсіресе, уақытша жолдың күтіміне айтылар шағым көп. Уақытылы тегістелмейтіндіктен, ойдым-ойдым боп кеткен. Шұрық тесік шұңқырлар жүріс бермейді. Көлігіміз бұзылып, әбден шығынға баттық, деп жылаған халық. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.