Ақмола облысында Дулат Ағаділді ақтық сапарға шығарып салды

2020-02-27 11:00:33
Ақмола облысында Дулат Ағаділді ақтық сапарға шығарып салды
27 ақпанда Ақмола облысы Талапкер ауылында екі күн бұрын Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында жұмбақ жағдайда көз жұмған белсенді Дулат Ағаділді ақтық сапарға шығарып салды. Боран ұйытқып тұрғанына қарамастан белсендінің жаназасына мыңнан астам адам жиналды. Олардың арасында аймақтан келген қоғам белсенділері, тіркелмеген "Көше партиясы" өкілдері, саясаткерлер болды, деп хабарлайды Азаттық.

Белсендінің жаназасына жиналғандар Дулат Ағаділдің әділет үшін күрескен батыл азамат, көп балалы аналарға араша түскен күрескер болғанын айтып, оның өліміне билікті кінәлады. Белсендіні жерлеуге апара жатқан кезде адамдар "Шал кет!" деп айқайлады.

Дулат Ағаділді Талапкер ауылының маңындағы бейітке қойды.

Ақмола облысында белсендіні жерлеп жатқан кезде Қазақстанның түрлі қалаларында: Алматы, Тараз, Ақтөбе қалаларында қаралы митинг өтіп, белсендіні еске алды. Алматыда Тәуелсіздік алаңына жиналған 70-80 шақты адам Дулат Ағаділдің рухына құран бағыштады. Шара кезінде кейбір адамдар Ағаділдің суретін ұстап тұрды. Алаңда полицей қызметкерлері де жүрді.

Азаттық тікелей эфирде хабар таратты: