Зейнетақы қоры бір айда 28 млрд теңге пайда тапқан

2020-02-27 09:00:16
Зейнетақы қоры бір айда 28 млрд теңге пайда тапқан
Салымшылардың зейнетақы жинақтары 2020 жылдың қаңтар айында 96,9 млрд теңгеге немесе 0,9%-ға ұлғайып, 1 ақпандағы жағдай бойынша 10 897,5 млрд теңгені құрады деп хабарлайды Ұлттық банк баспасөз қызметі.

«2020 жылдың қаңтар айында зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен «таза» пайда 28,2 млрд теңгеге ұлғайып, 1 ақпандағы жағдай бойынша 4 361,9 млрд теңгеге дейін өсті. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ шоттарды есептегенде) 10,1 млн шотты құрады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Ұлттық банктің мәліметінше, қаңтар айында зейнетақы төлемдерінің сомасы 17,9 млрд теңге болды. БЖЗҚ-ның жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін ҚР мемлекеттік құнды қағаздары және ҚР эмитенттерінің корпоративтік құнды қағаздары (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің тиісінше 42,2%-ы және 28,1%-ы) құрайды.
Просмотров материала: 0