Атаулы әлеуметтік көмек: Ақтауда әйелдер кезекке таласып, қырқысты

2020-02-27 09:00:16
Атаулы әлеуметтік көмек: Ақтауда әйелдер кезекке таласып, қырқысты
Ақтауда №11 ықшам ауданында орналасқан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) таратылып, әйелдер қырғын болды, деп хабарлайды Lada.kz.

Әлеуметтік желіде әйелдер арасындағы жанжалдың видеосы жарияланды.

Оқиға 25 ақпанда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде болған.

Видео сыртындағы адам бұл жанжал атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) бойынша азық-түлік тарату кезінде болғанын айтады. Әйелдерге балаларға арналған өнім, атап айтқанда: балалар тағамы, жарма, сүт және печенье берілген.