Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Орал популяциясының 10 проценті реттелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Биологиялық негіздеме аяқталды. Ғалымдар киіктер мәселесін реттеу қажет екенін айтып отыр. Бұл - Орал популяциясы. Қазір Орал популяциясының саны 800 мыңнан асады, соның он проценті реттеледі. Яғни 80 мың бас киік", - деді Брекешев мәжіліс кулуарында.
Журналистер министрден "800 мың киіктің 80 мыңы атыла ма?" деп сұрады. "Иә", деп жауап берді ол.
Айтуынша, бұл шара киік санын реттеуге және оларды көбейтуге бағытталған.
"Киіктер санын реттеу қажет болып отыр. Өйткені Батыс Қазақстанда қазір киіктер жайылымға ғана емес, егіс алқаптарына да кіріп жатыр", - деді ведомство басшысы.
Брекешев ғылыми зерттеу жүргізу үшін 500 бас киік алынатынын мәлімдеді. Реттеу жұмысы күзде, қазан айында басталады.
Қазір Қазақстанда 1,3 миллиондай киік бар.
Киіктерді атумен экология министрлігі айналысады
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
29.06.2022
Министрлік атуға рұқсат етілген аңдардың санын жариялады
29.06.2022
Цифрлық стартаптар білім беру саласын қалай өзгертеді?
29.06.2022
Алматы облысында заңсыз субсидияланған 95 млн теңге мемлекетке қайтарылатын болды
29.06.2022