Нұр-Сұлтанда 23 ойын автоматы тәркіленді – екі адамның ісі сотқа жіберілді
Елорда дүкендерінде 23 ойын терминалы тәркіленді. Ішінде 800 000 теңге болған. Бірақ күдіктілер заңсыз бизнестен 10 миллион теңгеден астам пайда көріп үлгерген.
"Күдіктілерге бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін. Мүлкі де тәркіленеді", - дейді агенттік мамандары.
Айта кетері, Қазақстанда "Ойын бизнесі туралы" заңның 11-бабына сәйкес Алматы облысы Қапшағай су қоймасының жағалауын және Ақмола облысы Щучинск ауданын қоспағанда республика аумағында казино мен ойын автоматтарын орналастыруға тыйым салынады.
"Сондай-ақ, заңсыз ойын бизнеске үй-жайларды бергені үшін қылмыстық жауапкершіліктің бар екенін еске саламыз. Егер сіздің үйіңізде немесе ауданыңызда орналасқан заңсыз ойын мекемелері туралы ақпарат болса, агенттіктің сенім телефонына хабарлаңыз", - деп атап көрсетті қызметкерлер.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.