Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясының 2026 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын жариялады. Құжат жария талқылау үшін "Ашық НҚА " интернет-порталына шығарылды.
Одан бөлек, құжатта қазақстандықтардың ұлттық құрамы туралы дерек те бар. Биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 миллион 122 мың адамға жетті. Оның ішінде:
қазақтар – 69,03%;
орыстар – 18,47%;
өзбектер – 3,29%;
ұйғырлар – 1,5%;
украиндар – 1,3%;
татарлар – 1,06 %;
немістер – 0,92%;
түріктер – 0,61%;
кәрістер – 0,57%;
әзербайжандар – 0,61%;
дүнгендер – 0,40%;
белорустар – 0,28 %;
тәжіктер – 0,27%;
күрдтер – 0,25 %;
шешендер – 0,18%;
поляктар – 0,15%;
башқұрттар – 0,09 %;
басқа этнос өкілдері – 1,04%-ті құрады.
Жалпы халық саны жөніндегі 2018-2021 жылдарға арналған статистика деректері ел халқының тұрақты ұлғаю үрдісін көрсетеді. Соңғы үш жылда елдегі халықтың саны 2,6 %-ке өсті.
Бұл ретте көші-қонға, халықтың жыныс-жас құрамының өзгеруіне, этностардың ел ішінде орналасуына және әртүрлі өңірлердің этнодемографиялық ерекшелігін күшейтуге байланысты этноәлеуметтік процестер серпінінің күрделенуі байқалады.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии