"Артық бюллетеньдер салынуы мүмкін": комиссия мүшелері міндетінен шеттетілді

2022-06-06 08:20:17
Алматыдағы учаскелердің бірінде болған жағдайға байланысты Аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Жанна Асанова түсініктеме берді.

Кеше түсте әлеуметтік желіде артық бюллетеньдер салынуы мүмкін деген видео тараған еді.


Қазір мән-жайды толық анықтау үшін учаскелік комиссия мүшелері міндеттерінен шеттетілген, деп хабарлады Хабар 24.
Бюллетеньдер заңсыз салынды деген жәшікті мөрлеп, есептен алып тастаған. Одан кейінгі дауыс берушілердің бюллетеньдері жаңа жәшікке тасталған.

Ал ондағы комиссия мүшелері бұл деректі жоққа шығарып отыр. Сондықтан нақты шешімді құқық қорғау органдары мен Орталық референдум комиссиясы қабылдайды.

"Әрі қарай дауыс берудің нәтижесі әрі қарай басталған урнаның ішіндегі жәшіктің ішіндегі бюллетеньдермен саналатын болады. Нәтиже де сонымен шығады. Ал қалған шешімді әрі қарай, қорытынды шешімді Орталық референдум комиссиясы шешеді. Бүкіл құжаттар, бүкіл деректер Орталық референдум комиссиясына жіберілетін болады. Міндетті түрде қорытындыланғаннан кейін, шешім шыққаннан кейін алдарыңызға шығып айтып береміз", деді аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Жанна Асанова.

 

Последние новости

06.06.2022
Алматы облысында көлік жүргізушісі әйел адамды қағып өлтірді
06.06.2022
Қазақстандық гимнастшылар әлем кубогының финалына шықты
06.06.2022
Шаңды дауыл, тұман, жел - дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
06.06.2022
Проверка на прочность
06.06.2022
ЦИТАТА ДНЯ
06.06.2022
Гороскоп на 6 июня
05.06.2022
В Акмолинской области голосование идет полным ходом
05.06.2022
Гениальные афоризмы Сони Шаталовой