Алматы облысында көлік жүргізушісі әйел адамды қағып өлтірді

Поделиться:
Алматы облысында көлік жүргізушісі әйел адамды қағып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға кеше, яғни 5 маусымда Талғар тасжолының Тұздыбастау ауылына кіре берісінде болған.

Белгілі болғандай, Subaru Impreza көлігінің жүргізушісі оң жақ жолақпен қозғалып келе жатқан. Ал сол жағында басқа көлік болған. Ауылға кіреберіс тұста екі көлік қатар өтіп кетпек болғанымен, сол сәтте жолға әйел адам жүгіріп шыққан. Көлік жүргізушісі рөлді күрт бұрып, жол жиегіне шығып кетпек болғанымен, үлгермеген.

«Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері әйел адамның алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмғанын анықтады», - делінген ПД хабарламасында.

Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также