Қазгидромет 6 маусымға арнаған ауа райы болжамын жариялады.
Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болжанады. Найзағаймен жаңбыр жауып, бұршақ, дауыл, батысында қатты жаңбыр күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстігінде, шығысында – тұман, оңтүстік-батысында – шаңды дауыл соғады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай, тұман, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.
Алматы облысының шығысында желдің күшеюі 15-20, екпіні 25 м/с, күндіз таулы аудандарда найзағай күтіледі. Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың шығысында жел 15-20 м/с соғады. Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында найзағай, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде – тұман, күндіз облыстың батысында – жел 15-20 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыстың таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл соғады. Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағаймен бірге жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз Маңғыстау облысының орталығында, солтүстігінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі, күндіз солтүстікте, оңтүстікте, облыстың орталығында жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, жел 15 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының орталығында, шығыссында найзағай, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, күндіз оңтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында желдің күшеюі 15-20 м/с болады.
Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде және орталығында – найзағай, дауыл, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде – тұман түседі. Күндіз Атырау облысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шаңды дауыл, тұман, жел - дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
2022-06-06 08:20:17
Источник:
http://www.matritca.kz/news/109517-shady-dauyl-tman-zhel-dysenbge-arnalan-aua-rayy-bolzhamy.html#
Последние новости
06.06.2022
Проверка на прочность
06.06.2022
ЦИТАТА ДНЯ
06.06.2022
Гороскоп на 6 июня
05.06.2022
Гениальные афоризмы Сони Шаталовой
05.06.2022
Гороскоп на 5 июня
04.06.2022
Эти академики следят за этикой в науке!