Министрлік әскери қызметшілердің зейнет жасы өседі деген ақпаратқа түсініктеме берді
Бұған дейін заңға енгізілген өзгерістерге байланысты әскери қызметшілердің зейнет жасы бес жылға көтерілгені хабарланған болатын. Алайда қорғаныс министрлігі мұны жоққа шығарды.
Министрлік түсіндіргендей, әскери қызметшілерге таңдау құқығы беріледі. Егер тәжірибесі мол әрі денсаулығы жарамды әскери қызметші қызмет мерзімін ұзартқысы келсе, онда онымен бес жылға жаңа келісімшарт бекітіледі.
"2022 жылғы 15 сәуірде "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, әскери қызметте болудың шекті жасына жеткен, жоғары кәсіби дайындығы және атқарып отырған лауазымында жұмыс тәжірибесі бар, денсаулығы бойынша жарамды әскери қызметшілердің қызмет мерзімі бес жылға дейін жаңа келісімшарт бекіту арқылы ұзартылуы мүмкін", - деп түсіндірді ведомство.
Осылайша әскери қызмет мерзімі ұзартылған жағдайда, әскери қызметші зейнетке белгіленген мерзімнен кеш шыға алады.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.