Тамара Дүйсенова еңбек нарығына қатысты пікір білдірді

2022-05-26 12:20:17
Сенат отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ресей азаматтарының еңбек нарығындағы қысымға қатысты сауалға жауап берді.

Оның айтуынша, статистикаға сүйенсек, Қазақстанға келгендердің саны аз.

Нарықтағы қысым мәселесі келгендерден емес, еңбек жасына толған жастарымыздан көбірек шығады. Біздің басымдылығымыз – жастар.


Бұған дейін Сенат спикері Қазақстанда қазір бала туу көрсеткішінің өсіп жатқанын атап өткен болатын: тек 2021 жылдың өзінде 446 мың бала дүниеге келген. 20 жылдан кейін оларды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету керек, бірақ жақсы жұмыс орындары жетпей қалу қаупі бар.