GAP қаржылық пирамидасы: тағы бір «филиал» анықталды

Поделиться:
GAP тұтыну кооперативі қаржы пирамидасының тағы бір «филиалы» бұл жолы еліміздің батысында анықталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

GAP тұтыну кооперативіне қатысты «Қаржы пирамидасын құру және басқару» бабы бойынша қозғалған қылмыстық істі Қаржылық мониторинг агенттігінің БҚО бойынша аумақтық департаменті тергеп жатыр.

ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылы БҚО аумағында активтерді қайта бөлу және кейбір қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту арқылы қаржы пирамидасы құрылған.

14 азаматқа келтірілген шығын көлемі шамамен 15 миллион теңге болды.

Қаржылық мониторинг агенттігі тағы да азаматтарды сақ болуға және қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың айла-амалына түспеуге шақырды.

Бұған дейін GAP қаржы пирамидасының Қостанай, Шымкент және Ақтөбедегі бөлімшелері жабылды.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также