Шағын және орта бизнестің дамуы оң нәтиже көрсетіп отыр. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.
Жалпы ішкі өнімдердің үлесі 25 пайыздан 35 пайызға дейін өсті. Өндірілген өнімдеріміз екі есе артып, 30 трлн теңгеге жетті. Бизнестегі жұмыспен қамтылған саны 3,5 млн адамды құрады. Іске асырылып жатқан “бизнестің жол картасы 2025” және “қарапайым заттар экономикасы” бағдарламаларының қолдау шаралары өз тиімділігін көрсетті. Аталған жобалар бойынша былтыр 1,9 трлн теңгеден астам кредиттер соммасына 51 мың жарым жобаға қаржыландыру жеңілдікпен берілді, -деді Үкімет басшысы Ulttyq onim іс-шарасында.
Премьердің дерегінше, мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған жалпы кредиттік портфель 57 пайызға артып, 3,4 трлн теңгеге жеткен.
Осы жылы жобаларды іске асыру үшін республикалық бюжеттен 195 млрд теңге қосымша қарастырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35 пайызға көп. Шағын және кәсіпкердік субъектілерге тексеру жүргізуге Мемлекет басшысы жариялаған мораторий еліміздегі бизнеске оң әсерін берді. Сонымен бірге экономиканың тұрақтылығын және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ кәсіпкерлерге әсер етеін фактор импортты алмастыру маңызды. Өңдеу саласында импорт өткен жылы 38 млрд теңгені құрады. Бұл біздің отандық өндірушілерге өз ісін дамытуға және жаңа тауарлардың өндірісіне инвестиция бағыттау үшін үлкен мүмкіндік береді, -деді Әлихан Смайылов.
Отандық бизнес оң нәтиже көрсетіп отыр - Үкімет басшысы
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
20.05.2022
Жұмыссыз жастар мәселесі. Депутат сан қуа бермеуге шақырды
20.05.2022
Енді несие тарихы нашар азаматтардан ставка қабылдауға тыйым салынуы мүмкін
20.05.2022
Арендалық пәтер, үй мәселесі: Жастардың баспана мәселесі қалай шешіледі?
20.05.2022