Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, – делінген ресми хабарламада.
Ол 1967 жылы дүниеге келген.
Білімі, мамандығы:
Қазақ ауыл шаруашылығы институты (1994) «Инженер-механик» мамандығы
Қазақстан Республикасы ҰҚК (Ішкі істер министрлігі) Қарағанды жоғары мектебі (1998 ж.) «Заңгер» мамандығы
Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясы, үздік дипломмен (2015 ж.)
Мемлекеттік басқару магистрі
Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар:
«Құрмет» ордені (2013)
«Айбын» ордені (2020)
Еңбек өтілі:
Талдықорған және Ақмола облыстары бойынша ІІБ Мемлекеттік автомобиль инспекциясының инспекторы, мемлекеттік автоинспекторы, аға инспекторы (06.1994-12.1997);
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы басқармасының инспекторы, аға инспекторы, бөлім бастығы (12.1997-05.2006);
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Бас басқармасы бастығының орынбасары (05.2006-08.2007);
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Кадрлар басқармасының бастығы (08.2007-04.2009);
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі (04.2009-08.2009);
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі меңгерушісінің орынбасары (08.2009-02.2012);
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Заңнама, қорғаныс және құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары (03.2012-01.2013);
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімінің меңгерушісі (09.2013-04.2019);
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары (10.04.2019-02.2020);
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы (03.2020 жылдан бастап).
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары (2021 жылғы шілдеден бастап)
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасарын тағайындады
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
20.05.2022
Отандық бизнес оң нәтиже көрсетіп отыр - Үкімет басшысы
20.05.2022
Жұмыссыз жастар мәселесі. Депутат сан қуа бермеуге шақырды
20.05.2022
Енді несие тарихы нашар азаматтардан ставка қабылдауға тыйым салынуы мүмкін
20.05.2022