Батыс Қазақстанда жаңбырдан кейін мектепті су басты

2022-05-12 08:20:18
Әлеуметтік желіде Ақжайық ауданы Тайпақ ауылындағы мектепті су басқаны жайлы видео жарияланды. Ролик авторының айтуынша, нөсер жаңбырдан кейін төбеден су аққан, ал техникалық қызметкерлер еден мен қабырғаларды сүртіп үлгермеген. Орта мектеп ғимараты күрделі жөндеуді қажет етеді.


Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, қазір аудандық білім бөлімі мен "Тасқала Транс Газ" ЖШС компаниясы арасында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу туралы келісімшарт жасалған, күрделі жөндеу жұмыстары осы айда басталуға тиіс, деп жазды "Мой город".

Мектептің бас ғимаратын емес, спорт зал мен асхана орналасқан қосымша ғимаратты су басқан, дейді Ақжайық аудандық білім бөлімінің басшысы Біржан Сабыров.

"Мектеп 1987 жылы салынған, 624 орынға есептелген. Мендегі мәлімет бойынша, салынған жылдан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Өткен жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі керек еді, бірақ сот дауына байланысты жұмысты уақытында бастауға мүмкіндік болмай отыр. Бөлінген ақшаны бюджетке қайтаруға тура келді. Биыл "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы бойынша 350 миллион теңге бөлінді, қалғаны жергілікті бюджеттен қарастырылады", - деді Сабыров.

Балалар су баспаған бас ғимаратта оқиды. Жөндеу жұмыстары шамамен бес айға созылады.

 

Последние новости

12.05.2022
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды сатпақ болған екі адам ұсталды
12.05.2022
Алматы облысында келінін қорғаған атасы ұлын өлтірді
12.05.2022
Павлодарлық әйел тоғызыншы қабаттан құлап кетті
12.05.2022
Пробация есебіндегі үш адам жұмысқа тұрғызылды
12.05.2022
Полная банка.
12.05.2022
ЦИТАТА ДНЯ
12.05.2022
Гороскоп на 12 мая
11.05.2022
Мажилис принял в работу законопроект о банкротстве граждан