Павлодарлық әйел тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Ол көпқабатты тұрғын үйге жапсыра тұрғызылған медициналық орталықтың төбесіне құлады.
Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Оқиға орнына бес құтқарушы мен бір техника барды.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Павлодардың онлайн хабарлауынша, әйел ауруханаға ауыр халде жеткізілген.
Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі келіп түскен шақыртуға бірінші жеделдік санаты берілгенін хабарлады. Дәрігерлер зардап шеккен адамды омыртқасы сынған ауыр жағдайда №1 қалалық ауруханаға жеткізді.
Жәбірленуші мас болған. Дәрігерлер оған мидың шайқалуы және бірнеше қабырғасы мен иығының сынуы диагнозын қойды. Әйел қарқынды терапия палатасына жатқызылды.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.