Депутат кейбір қазақстандықтардың зейнет жасын 55-ке дейін төмендетуді ұсынды

2022-05-11 12:20:21
Мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов қауіпті және зиянды өндірісте істейтін жұмысшылардың, яғни шахтерлер мен металлургтердің зейнет жасын 55 жасқа дейін төмендетуді ұсынды.

Оның айтуынша, қазақстандықтардың еңбек құқығын қорғау саласында қордаланып қалған проблема көп. Соның кесірінен жұмысшылардың жағдайы нашарлап барады. Әсіресе, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға ерекше көңіл бөлу қажет. Бұл тақырып қауіпті және зиянды өндірісте істейтін шахтерлер, металлургтер мен тағы басқа мамандық иелері үшін өте өзекті.

"Еңбек және халықты қорғау министрлігі жұмысшылардың құқығын қорғауда белсенді позицияны ұстануға тиіс деп санаймыз. Олар еңбек заңнамасына толығымен ревизиция жүргізіп, еңбек ететін қазақстандықтардың мүддесіне қайшы нормаларды түзетуі керек. Бүгінде капитал еңбекті жеңді. Корпорациялар мен олигархтардың пайдасы жүздеген мың кенші, металлург, құрылысшының денсаулығынан, өмірі мен мүддесінен маңыздырақ болып шықты", - деді Смайылов вице-премьер Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында.

Айтуынша, жеке-дара қарастыратын мәселенің бірі – зиянды және қауіпті өндіріс жұмысшыларының, ең алдымен, шахтерлер мен металлургтердің зейнет жасын төмендету.

"Біз бұл мәселені талай рет көтердік. Бірақ үкіметтің осы проблемаға қатысты позициясын әлі түсіне алмадық. Еңбек министрлігі тек формализммен айналысады, мәселені шешуге қауқары жоқ жұмыс топтарын құрады. Сондықтан бұл мәселені үкіметтік деңгейде қарау керек", - деді депутат.

Бұл ретте мәжіліс депутаттары зейнет жасын 55 жасқа дейін түсіруді ұсынып отыр.

 

Последние новости

11.05.2022
Автосалоннан алынған көлікті қайтаруға бола ма
11.05.2022
Президент Түркияның ірі компания басшыларымен кездесті
11.05.2022
Нұр-Сұлтанда 8-қабаттан қызды қағып алған ер адам оқиғаның мән-жайын айтты
11.05.2022
Еуропалық Одақпен қаржыландырылатын Ready4Trade жобасы Орталық Азиядағы сауда рәсімдерін жеңілдетеді
11.05.2022
Организаторы финпирамиды обманули вкладчиков на 600 млн тенге в Алматы
11.05.2022
Износ большинства ТЭЦ в Казахстане достиг критического уровня – депутат
11.05.2022
Проект Ready4Trade, финансируемый Европейским Союзом, упрощает торговые процедуры в Центральной Азии
11.05.2022
Сатпаев: Турция готова оказать поддержку Казахстану в случае появления явных угроз территориальной целостности