Нұр-Сұлтанда 8-қабаттан қызды қағып алған ер адам оқиғаның мән-жайын айтты
"Мен Қызылордадан жұмыс істеуге келгенмін. Құрылысшы болып, әртүрлі жұмыс істеймін. Балаларымды бағуым керек. Төрт ұл, үш қызым бар. Балалар Қызылордада тұрады. Үй жалдап, осында жұмыс істеймін", - деді Сәбит Шонтақбаев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Ер адам жұмысқа асығып бара жатып, шығар алдында сегізінші қабатта терезеден асылып тұрған қызды көргенін айтты.
"Мен терезеден ұстанып, асылып тұрған баланы көрдім. Жалғыз ой оны құтқару болды. Сол сәтте өзімді ойлай да алмадым", - деді ол.
Ер адам ептілігі мен дене бітімі әскери карьерасына байланысты екенін түсіндірді. Бұған дейін Сәбит Шонтақбаев шекарашы болып жұмыс істеген.
"Әйелім видеоны көріпті, жарайсың деді. Қыздың ата-анасын көрмедім. Жұмысқа асығып бара жатқанмын, оны құтқарып, жетінші қабаттағы көршісіне тапсырдым. Сосын жұмысқа кеттім", - деп қосты ол.
Бұған дейін Нұр-Сұлтанда ер адам 8-қабаттың терезесінен құлаған қызды қағып алғаны хабарланған еді.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.