Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды сатпақ болған екі адам ұсталды

2022-05-12 08:20:18
Талдықорғанда қауіпсіздік күштері қару сатушыларды ұстау бойынша бірлескен арнайы операция жүргізді, деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Күдіктілерден қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған ПМ-нің (Макаров тапаншасы) екі данасы тәркіленді. Операцияны ​​10 мамырда ҰҚК қызметкерлері мен криминалдық полиция басқармасы жедел уәкілдерінің көмегімен арнайы жасақ сарбаздары жүргізді.

"Талдықорған қаласының 1982 және 1994 жылы туған екі тұрғыны қару сатпақ болды деген күдікке ілінді. Екеуі Макаров тапаншасын сатып жатқан жерінен ұсталды. Тінту кезінде олардан сатылып кеткен ПМ-нен бөлек, осындай маркадағы тағы бір тапанша тәркіленді. Қару қаладағы нысандардың бірінен ұрланған болып шықты", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ресми ақпаратқа сәйкес, жыл басынан бері өңірде заңсыз айналымнан 366 атыс қаруы мен 6,5 мыңға жуық оқ-дәрі тәркіленді.

 

Последние новости

12.05.2022
Алматы облысында келінін қорғаған атасы ұлын өлтірді
12.05.2022
Павлодарлық әйел тоғызыншы қабаттан құлап кетті
12.05.2022
Пробация есебіндегі үш адам жұмысқа тұрғызылды
12.05.2022
Полная банка.
12.05.2022
ЦИТАТА ДНЯ
12.05.2022
Гороскоп на 12 мая
11.05.2022
Мажилис принял в работу законопроект о банкротстве граждан
11.05.2022
Қазақстанда онлайн кредит беруге тыйым салу ұсынылды