Атырауда №36 мектептің 11-сынып оқушылары мектеп әжетханасында 10-сынып оқушысын соққыға жыққан, деп хабарлады Ақжайық.
Салдарынан жасөспірім есінен танып қалған. Мектепте жәбірленушіге көмек көрсете алмады, өйткені жарақаты ауыр еді, кәсіби дәрігерлердің көмегі қажет болды.
"Жәбірленуші 25 сәуірде сағат 17:00 шамасында облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне түсті. Ол лор бөлімшесіне жатқызылды. Науқасқа шұғыл хирургиялық көмек қажет емес болды және бізде жақ-бет хирургиясы маманының жоқтығына байланысты науқасты Батыс Қазақстан облыстық ауруханасының мамандарына жіберу ұйғарылды. Оның диагнозымен пациентті 7-10 күн ішінде жоспарлы түрде операцияға қабылдауға тиіс еді. Алайда бүгін сағат 12-де ата-анасы ұлын қолхат жазып, ұшақпен Оралға алып кетті. Облыстық балалар ауруханасы қазіргі таңда жақ-бет хирургиясы маманын даярлап жатыр, ол биылдан бастап жұмысқа кірісуге тиіс", – деп хабарлады облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрқабыл Айтмұхамбетов.
Атырау облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша Қылмыстық кодексінің 107-бабымен ("Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру") сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
Атырауда жасөспірім мектеп әжетханасында аяусыз соққыға жығылды
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
27.04.2022
Қазақстандық сарапшылар темекі мен қыздырылған темекіден жасалған өнімдерге әртүрлі акциздік мөлшерлемелерді қолдануды ұсынады
27.04.2022
Массовое отравление студентов в Рудном: у трех сотрудников столовой выявлен стафилококк
27.04.2022
Мүгедек балалардың санаторий-курорттық еміне ата-аналары тегін бара алады
27.04.2022