Қарағанды ​​облысында қалың қар жауды

Поделиться:
Қарағанды ​​облысында қалың қар жауды. Жолдар әзірге ашық, жергілікті тұрғындар сурет және видеоларды бөлісіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін облыста ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланған. "Қазгидромет" мәліметінше, 25 сәуірде Қарағанды ​​облысының оңтүстігінде жауын-шашын - жаңбыр, қар жауады. Облыстың оңтүстігінде шығыс, солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Жергілікті тұрғын Саламат Смағұлов облыстағы Шет ауданы Босаға станциясынан сурет пен видеолар жолдады.


"ҚазАвтоЖол" баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиеваның айтуынша, қар таңертең басталған.

"25 сәуірде сағат 5.30-дан 9.00-ге дейін Алматы-Екатеринбург тасжолының Қарағанды-Балқаш учаскесінде 30 шақырымда бұрқасын түріндегі жауын-шашын байқалды. Қазір ауа райы қалыпты. Жол қызметтері жұмыс істеп жатыр", - деді ол.

Сондай-ақ, жолда түсірілген видеоларды жүк көлік жүргізушілері редакцияның WhatsApp +7 777 001 44 99 нөміріне жіберген.



Оның айтуынша, қазіргі уақытта республикалық маңызы бар барлық жол ашық.

"Республикалық маңызы бар жолды жабу мәселесі жергілікті полиция қызметі, Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе пысықталады және көктайғақ болып, жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер етсе жабылады", - деп қосты Стамғазиева.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также