Қазығұрт ауданында нөсер жауын салдарынан бес ауылды су басты
Қазығұрт Ауданы әкімдігінің мәліметінше, кеше 24 сәуір күнгі жауынның салдарынан сай саладан келген су үйлер мен қора жайларды шайып кеткен. Оқиға орнына төтенше жағдай және арнайы мекемелер жұмылдырылып, техникалар тартылған.
Қақпақ, Сарапхана, Шанақ, Қызылқия, Қарабау ауылдық округтерінде болған жағдайларды қалыпқа келтіру бойынша жауыннан жиналған суды сорғыту жұмыстары жүріп жаыр. Қақпақ ауыл округіне қарасты Заңғар елді мекені, Қызылқия ауыл округі Қызылсеңгір елді мекендеріндегі сел алған жерлерді ретке келтіру бойынша төтенше жағдай қызметкерлері тиісті жұмыстар жүргізген. Ал, Шанақ елді мекеніне арнайы көліктер мен төтенше жағдай қызметкерлері тартылып, ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды. Су басқан үйлерден су шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Сарапхана ауылдық округі, Сарапхана, Жіңішке елді мекенін су басқан. Сарапхана елді мекенінде 200-дей мал, Қақпақ елді мекенінде 200-ге жуық (қой, ешкі) мал шығынға ұшыраған. Қарабау ауыл округі Қарабау елді мекенінде 15 үйге су кірген. Қызылқия ауыл округі Тұғыртас елді мекеніне 1 үйге, Қызылсеңгір елді мекеніне 12 үйге су кірген. Аудан әкімі осы аталған жайттарды қалпына келтіру және шығындарын есептеу жөнінде шұғыл тапсырма берді», делінген аудан әкімдігінің мәліметінде.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.