ІІМ басшысы генерал Серік Күдебаевты қызметінен босатты

2022-04-25 08:20:22
Ішкі істер министрі бұған дейін Алматы облысының Полиция департаментін басқарған генерал-майор Серік Күдебаевты қызметінен босатты. Бұл туралы Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында Ішкі істер министрлігі хабарлады.


Сәуірің басында әлеуметтік желілерде Күдебаевтың қаңтар оқиғасына қатысты қылмыстық іске қатысы бар деген ақпарат тараған болатын. Бұған бас прокуратураның Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарының ҰҚК және Полиция департаменттері ғимараты, Алматы әуежайын қараусыз қалуына қатысты тексеру жариялағаны туралы мәлімдемесі себеп болған. Ведомство басшылары күдікті деп танылғаны айтылды.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы Серік Күдебаев туралы білу үшін Ішкі істер министрлігіне жүгінді. Қазір қайда, ішкі істер органдарында қызмет ете ме, қандай қызметте деген сұраққа, ведомство тек былай жауап берді.

"Ішкі істер министрлігі бұйрығы бойынша Күдебаев Серік Мырзақұлұлы қызметінен босатылып, ішкі істер органдарынан кетті", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Күдебаев 26 қаңтарда Алматы облысы бойынша ДП басшысының төрағалығынан кеткен болатын. Одан кейін Ішкі істер министрлігін Ерлан Тұрғымбаев басқарды, оның орнына 25 ақпанда Марат Ахметжанов тағайындалды. Министрлердің қайсысы Күдебаевты жұмыстан босатып, бұйрыққа қол қойғанын ведомство нақтылаған жоқ.