Сұлтанов кәсіпкерлерді Ресейге санкция салған елдердің назарына түсіп қалмауға шақырды
"Экспорттаушылар мен импорттаушылардың назарына! Ресей мен Беларусьқа бірқатар елдің санкция енгізуінен кейін кәсіпкерлер көптеген сұраққа тап болады. Мәселен, белгілі бір өнім немесе банкке санкция енгізілуі мүмкін бе және т.б. Бұл мәселе тек осы елдерге қазақстандық өнімдерді экспорттауда ғана емес, жалпы өзекті болып отыр", - делінген министрдің әлеуметтік желідегі хабарламасында.
Ол Қазақстан бүкіл әлеммен еркін сауда жасайтынын, ал бірыңғай кедендік аймақ жағдайында тауарлар ағыны барынша жеңілдетілгенін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан арқылы Ресей мен Беларусь елдеріне көптеген тауар өтеді.
"Ендігі міндетіміз – реэкспорт қаупіне байланысты санкция салған елдердің "ерекше назарына" түсіп қалмау", - деп атап өтті ол.
Сондықтан кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін премьер-министрдің төрағалығымен Жедел штаб бизнеске арналған "нұсқаулықты" құру туралы шешім қабылдады: мемлекеттік органдардың ресми сайттарының бірінде – http://sanction2022.kz/main – Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасына экспорттауға және импорттауға тыйым салынған тауарлардың толық тізімі жарияланды.
Жаңа деректер пайда болған кезде ақпарат жаңартылып отырады. Сонымен қатар сайтта елдердегі геосаяси тәуекелдердің жоғары екенін ескере отырып, нарықтан кетуге шешім қабылдаған халықаралық компаниялардың тізімі жарияланған.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.