Қызылорда облысында қар көшкінінен 23 кәсіпкер шығынға ұшырады
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша өңірде желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жеткен. Соның салдарынан Қамыстыбас елді мекенінде көл жағасына жиналған мұз ығысып, көшті.
Қызылорда облысы, қар көшкіні, кәсіпкер
Сурет: Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі
Салдарынан «Аққұмшық» жазғы демалыс аймағының жағалау аумағындағы жазғы алаңдар мен уақытша құрылыстар (23 кәсіпкердің уақытша құрылыстары) ішінара бұзылды.
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, төтенше жағдай кезінде Төтенше жағдайлар департаментінен 2 қызметкер мен 1 техника, жергілікті атқарушы органнан 15 адам мен 3 техника жұмылдырылған.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер, сондай-ақ елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Зақымдалған құрылыстардың саны нақтылануда.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.