Нұр-Сұлтан әуежайында рейстер кешігіп жатыр

Поделиться:
Нұр-Сұлтан әуежайы қалыпты жұмыс істеп тұр. Бірақ рейстер кешігіп және тоқтатылып жатыр. Бұл туралы елордалық әуежайдың баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов мәлімдеді.

"Қазір әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр, бірақ рейстер кешігіп жатыр. 36 рейстің қону, 28 рейстің ұшу уақыты шегерілген. 16 рейс тоқтатылды. Оған елордадағы ауа райының қолайсыздығы және ұшақтың кешігіп келуі себеп", - деді Шалекенов.


Ол жолаушылардан әуежайдың ақпараттық қызметтері мен әуекомпанияның байланыс орталықтарынан рейстердің кешігуі, сондай-ақ тоқтатылуы туралы ақпаратты нақтылап алуды сұрады.

"Кешеден бері әуежайда, оның ішінде ұшу-қону жолағында да қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Жолдарда көктайғақ болғандықтан, жолаушылардан сақ болуды сұраймыз", - деп қосты ол.


Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также