Нұр-Сұлтан қаласында 0-7-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді. Бұл туралы елордалық Білім басқармасы өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды: 25.11.2021 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымының 0-7-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда толассыз қар жауып, әуежай уақытша жабылғаны хабарланған болатын

Нұр-Сұлтанда қалың қар жауды.