Нұр-Сұлтан әуежайында қалың қарға байланысты 12 рейс тоқтатылды, қалаға келе жатқан 9 рейс қосалқы аэродромға жіберілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты түнгі сағат 02:30-дан 09.00-ге дейін елорда әуежайы ұшу-қону жолағын қардан тазарту үшін уақытша жабылды.
Ауа райына байланысты Нұр-Сұлтаннан ұшатын 12 рейс шегерілді, ал қалаға бағыт алған 9 рейс қосалқы аэродромға жіберілді.
Жолаушылар рейстер туралы ақпарат алуы үшін әуе компанияларының анықтама қызметтеріне хабарласып отырғаны жөн.
Ұшуы кешіктірілген рейстер:
KC956 Алматы
FZ 1706 Дубай
КС 921 Франкфурт
КС 407 Шымкент
DV 741 Ақтау
КС 207 Дубай
КС 981 Атырау
КС 622 Алматы
КС 7315 Қызылорда
SU 1957 Мәскеу
КС 123 Ташкент
КС 977 Ақтөбе
Қонуы кешіктірілген рейстер:
IQ 386 Қарағанды
DV 722 Ақтөбе
КС 984 Атырау
КС 7328 Шымкент
КС 314 Ақтау
КС 138 Санкт Петербург
FZ 1705 Дубай
SU 1956 Мәскеу
КС 918 Алматы
*КС (3 сан) - Air Astana
*КС (4 сан) - FlyArystan
IQ - Qazaq air
FZ - Fly Dubai
DV - SCAT
SU - Aeroflot
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии