Бұл туралы Арон Атабектың туысқаны Разия Нутушева хабарлады.

Арон Атабек — ақын, публицист, саяси белсенді, Шаңырақ ықшам ауданындағы “жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды, полицияны өлтірді, сондай-ақ тұтқында кепілгер ұстады” деген айыппен 2006 жылы қамалған болатын. 2008 жылдың 5 қазанында Алматы қалалық соты Аронды 18 жылдық қатаң режимге соттады. Сот шешімі бойынша оны бостандығынан айыру уақыты 2006 жылдың 17 шілдесінде басталып, 2024 жылдың 16 шілдесіне дейінгі аралық есептелген.

Биыл 1 қазан күні Арон Атабек бостандыққа шықты.