Шымкент қаласының әкімдігі биыл Наурыз мейрамын арнайы қаржы бөліп, «Наурыз Шымкенттен басталады» деген тақырыппен дүркіретіп атап өткен еді. Ұлыстың ұлы күнін ұлықтауға арналған көпкүндікке бөлінген қаржы да аз болмай шықты. Мемлекеттік сатып алу сайтындағы мәліметтерге сүйенген журналистер мен блогерлер әкімдіктің жауабын білуге асыққан болатын. Бүгін қала әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның айтуынша, Шымкент қаласының бюджеті 456 млрд теңге болса, соның 3 млрды ғана мәндениетке бөлінеді. Ол қаржыға 2 мыңға жуық қызметкер айлық алып отырған 19 мекеме бар.
Іс-шаралар өткізуге жылда 600 млн теңге қаржы қарастырылады. Былтыр да, биыл да, оның алдыңғы жылы да солай болған. Мәслихаттың өткен сессиясында 572 млн теңге қарастырылды. Шыны керек, ол ақша әлі мәдениет басқармасының есеп-шотына түскен жоқ. Күні бүгін Наурызға әкімдік бір тиын төлеген жоқ. Наурыз аясында өткен іс-шараларға қаржыны ұйымдастырушылар өз қалталарынан жұмсады. Енді сәуір айында әр мекеме тиынына да дейін санап, құжаттарын тапсырады. Аса ұқыптылықпен қабылдап аламыз. Ешкімнің екі басы жоқ. Сосын қаншама тексеріледі. Бюджеттің ақшасы ойнайтын зат емес, - дейді Шыңғыс Мұқан.
Оның айтуынша, Наурыз мерекесі аясында 103 іс-шара өткен. Бюджеттен 213 млн теңге қарастырылған. Бірақ әлі төленбеген. Құжаттарымен қабылдап алғанда әлі де нақтыланады екен.
Ал енді осы ақша желге ұшты ма? Жоқ, әрине. Мәдени іс-шараларға қатысушыларға айлық болды, конкурстардың жеңімпаздарына сыйлық болды, әйтеуір қаланың экономикасына қайта құйылды. Осы жерде кейбір азаматтарға қарынын ашады. Кәдімгі ақыл тоқтатқан азаматтар істің байыбына бармай, айқайға айдақ қосып жатқаны таңқалдырды. Ноам Хомскийдің «көпшіліктің санасын манипуляцилау теориясы» іс жүзінде көрініс тауып, манипуляторлардың құрығына ілініп қалып жатты. Ақпараттық лас технологияларды қолданып жүріп өздері де кірледі, -дейді қала әкімінің орынбасары.
Әзірге Шыңғыс Мұқанның берген жауабына журналистер мен блогерлердің көңілі толған жоқ. Олар нақты жауап берілмеді деп отыр. Мысалы, әу бастан мемлекеттік сатып алу сайтынан қарап, әлеуметтік желіге жазған журналист Мият Кәшібай былай деп пікір қалдырған.
Шыңғыс мырза, сіз айтқандай 565 млн жыл бойы өтетін шараларға бөлінген қаржы болса, порталдағы құжатта неге тек қана Наурыз мерекесі деп көрсетілген? Сәкен Майғазив қол қойған келісімшарттар жалған ба сонда?, -дейді журналист.
Айта кетейік, бұған дейін «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымының директоры, танымал әнші Сәкен Майғазиев те жауап берген болатын
Шымкенттегі Наурызды тойлауға бөлінген миллиондар дауы. Шыңғыс Мұқан жауап берді
2021-03-26 16:20:15
Последние новости
26.03.2021
ЦИТАТА ДНЯ
26.03.2021
ПОЙДЕМ В КИНО?