Ербол Хамитов Италиядағы қысқы Паралимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алды!
Ол классикалық спринт бойынша 1500 м қашықтықты (LW12 категориясы) 2 минут 29 секундта бағындырды. Өңір басшысы спортшыны айтулы жеңісімен құттықтады.
— Спортшымызға жаңа биіктерді бағындыруды, мықты денсаулық пен таусылмас жігер тілеймін! Оның жетістіктері жерлестерімізді және барша халқымызды шабыттандырып, үміт пен сенім сыйласын.Біз сенімен мақтанамыз, Ербол,- деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желіде.