СҚО әкімі құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

Поделиться:

Бүгін Қазақстан полициясы күніне орай барлық құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен салтанатты жиын өтті. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, оларға лайықты марапаттар табыстады.

Шарада полицейлік әулеттер мен көпбалалы отбасыларға ерекше назар аударылды. Өрт сөндіру кезінде қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан Алтынбек Абдрахмановтың отбасына өңір басшысы шынайы алғысын білдірді.

Мерекелік шарада солтүстікқазақстандық полицейлерге  32 жаңа қызметтік көліктің кілті берілді — бұл полиция қызметінің жеделдігі мен тиімділігін жақсартуға маңызды қадам.

Мемлекетке қызмет ету — абыройлы миссия. Қазіргі заманда полиция қызметіне қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ерекше жауапкершілік жүктеледі. Осы орайда Мемлекет басшысы атап өткен «Заң және Тәртіп» принципін іске асыру арқылы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ерекше маңызға ие.

«Тәртіп сақшысының күнделікті еңбегі қоғамдағы тыныштықты қамтамасыз етіп, халықтың мемлекеттік институттарға сенімін нығайтады. Сіздерге адал қызмет, кәсібилік пен антқа беріктігіңізге ризашылығымды білдіремін», — деп атап өтті облыс әкімі.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также