Көрнекті жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл

Поделиться:

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында қазақ әдебиетінің алыбы, көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, жерлесіміз.

Сәбит Мұқановтың 125 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың, қаламгердің қызы Жанна Мұқанова, зиялы қауым өкілдері мен әдебиеттанушылар қатысты.

Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді. Конференцияда жазушының рухани мұрасы мен қоғамдық қызметі жан-жақты талданып, мазмұнды баяндамалар ұсынылды.

Мерейтойлық іс-шаралар аясында Сәбит Мұқановтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, оның рухына тағзым жасалды. Кешкісін Сәбит Мұқанов атындағы қазақ театрында қаламгердің әйгілі туындысы негізінде қойылған «Мөлдір махаббат» спектаклінің премьерасы өтті.

«Бұл күн – қазақ әдебиетінің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаны ұлықтаған тағылымды тағзым болды», — деп атап өтті облыс әкімі.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также