Халық санағы жаңа форматта жүргізіледі

Халық санағы жаңа форматта жүргізіледі

Мемлекеттегі әр тұрғындарды анықтау үшін халық санағын жүргізу маңызды үрдістердің бірі. Ал, ондағы алынған мәліметтер арқылы балалардың, жастардың және қарттардың санына нақты көз жеткізіп, сол көрсеткішке байланысты келешекте қай өңірде қанша мектеп, аурухана сияқты нысандардың қажет екенін де жоспарлауға болады.
Елімізде алғаш халық санағы тәуелсіздік алғаннан кейін 1999 жылы жүргізіліп, ол кезде адам саны 14,9 миллионға жеткен. Одан кейін 2009 жылдағы санақ нәтижесі 16 миллион тұрғын бар екенін көрсеткен еді. 10 жыл сайын болатын бұл санақ жүргізу әр үйді аралаумен жүзеге асып келген. Биылға жоспарланған халық санағы бұрынғыға қарағанда өзгеше түрде жүргізілмек. Яғни, санақ қағаз форматында емес, электронды түрде де іске асатын болады.
Статистика жөніндегі комитеттегілердің мәлімдеуінше, бұл жаңа формат санақ жүргізу мен алынған мәліметтерді өңдеу процесін барынша жеңілдетеді екен.
Электронды санаққа қатысты ведомство арнайы сайт ашып, онда 89 сұрақ енгізіледі. Оның 45-і жеке мәліметі мен келешектегі жоспарларына қатысты болмақ. Мәселен, қазақстандық тұрғындардың басқа елге көшуі немесе елде қалуы, басқа елге қоныс аударуы, әрі оның себебіне қатысты сұрақтар кездеседі. Бұлардан бөлек, неке мен отбасылық статусына байланысты сауалдар да қойылатын болады.
Еліміздегі бұл алдағы жалпыхалықтық санақ кезең-кезеңімен өткізіледі. Оның алғашқысы мамыр-маусым айларында болса, екінші кезеңі қараша айында жүргізіледі екен. Қазақстандықтар санақтан өту үшін арнайы сайтқа тіркеліп, ондағы ұсынылған сұрақтарға жауап беруі керек. Сондай-ақ, бұл электронды санақтан бөлек, әдеттегідей санақ жүйесі де қатар атқарылмақ. Ол дегеніміз 30 мың еріктілер арнайы планшетпен үй-үйді аралап, адам санын онлайн түрде тіркейді.
Жалпы, санақ жүйесінің электронды түрде жүруіндегі басты артықшылық – цифрлық технологияларды қолдану. Оның көмегі арқылы уақытты да, кетер шығынды да біршама үнемдеуге болады.
Дидар МУХАМАДИЕВ.

 

Последние новости

Игі істердің бастамашысы
Окрыленные нашим Елбасы
Дара жол, дара бағытымыз бар
Боз кілемде белдескен балалар
«Ауылым – киелі құт мекенім» форумы
Ел тілегі ескеріледі
Әкімдер халық алдында есеп беруде
"Жын шығарам" деп жанын алған