Игі істердің бастамашысы

Игі істердің бастамашысы

Биыл еліміздегі ең үлкен саяси қозғаушы күш, мемлекеттің мызғымас тірегі «Нұр Отан» партиясына 20 жыл толып отыр. Мерейтойлы жылдың алғашқы онкүндігін аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақшолпан Марат аудан ардагерлерімен кездесіп, дөңгелек үстел өткізуден бастады. Алдымен сөз алған жиын ұйымдастырушы ақ жаулықты аналарымыз бен ақсақалды қарияларымыздың қоғамға бергені мен берері көп екендігін айтып, олардың еңбегін елеп, ізгі ілтипат көрсетуді мақсат етіпті. Сондай-ақ, ардагерлер мен әжелер алқасы және кәсіподақ комитеті сынды ауданның белсенді қоғамдық ұйымдарына аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы, аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың атынан Алғыс хаттар тапсырды.
Сонымен қатар Ақшолпан Қайратқызы партияның тарихы мен аудандағы жыл бойы атқарған жұмыстары жайлы баяндама жасап, үздік жетістіктерін де тілге тиек етті. Жиырма жылдан бері саясаттан ойып тұрып орын алған «Нұр Отанның» тарихы толағай табыстарға толы, өткен жылы партияның атқарған істері де ауыз толтырып айтарлықтай екен. Келесі кезекте аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Серік Қалиев партияны атаулы мерейтойымен құттықтап, арнайы дайындап әкелген «Алатаудай алыптар шыққан аудан» атты бейнероликті көрсетті. Ауданның айтулы жетістіктері мен әрбір аймағынан сыр шертіп, сипаттама беретін бейнекөрініс көпшіліктің көңілінен шықты. Идея авторы бұл бейнежазбаның алдағы уақытта толықтырылып тағы шығарылатынын да айтып өтті.
Мұнан бөлек жиын барысында Елбасының болашаққа көз салып, алдын ала болжай білетіндігінің арқасында жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламалары кеңінен талқыланды. Биылғы жылғы тағы бір айтулы мерекелердің бірі – ауданның 90 жылдығы. Мерейтойдың қарсаңында жүзеге асырылатын міндеттер жөнінде де ой қозғалып, пікірлер айтылды. Жиналыс соңында партия қоғам жұмыстарына белсене араласып жүрген ардагерлердің барлығына алғыстарын білдірді, арнайы сыйлықтарын табыс етті.
Бұрым ОРЫНБАСАР.

 

Последние новости

Окрыленные нашим Елбасы
Дара жол, дара бағытымыз бар
Боз кілемде белдескен балалар
«Ауылым – киелі құт мекенім» форумы
Ел тілегі ескеріледі
Әкімдер халық алдында есеп беруде
"Жын шығарам" деп жанын алған
Партияға 20 жыл