"Kaskelenkz"-тің апталық шолуы

Редакциямызға "Алтын ауыл ықшам" ауданы тұрғындарынан арыз шағымдар көптеп келеді. Kaskelenkz ұжымы тұрғындармен арнайы кездесіп, мән жайды біліп қайтты.

«Алтын ауыл» ықшам ауданында жиырмадан астам көпқабатты үй бар. Ондағы үйлердің қолданысқа берілгеніне шамамен 10 жылдам астам уақыт болды. Түгелдей тұрғындар қоныстанған. Арнайы мектеп те салынды. Бірнеше дүкен, сән салондары, дәріхана сияқты халыққа қызмет көрсетілетін орындар да бар.

Ал сол «Алтын ауыл» шынымен де атына заты сай ма? Мұнда да жергілікті жұртшылықты толғандыратын әлеуметтік мәселелер бар көрінеді... Әсіресе, КСК жұмысына көп сын айтылуда. Тұрғындар үйлеріндегі істен шыққан лифт, аула тазалығы мен көк мұз, қоқыс жағалаған қаңғыбас иттер мен аса қымбат коммуналдық төлемдерге көңілдері толмайтындықтарын жеткізді.

Іргеліде әйел адам тоналды

29 желтоқсанда ауданымызға қарасты Іргелі ауылдық аумағында орналасқан тұрғын үй кешенінің бірінде жас жігіт әйел адамды тонаған. Видео авторының айтуынша, күдікті әйелдің сырғасын қолды қылған...

Еркін күрестен ашық турнир өтті

Бүгін Қаскелеңдегі №1 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаев атындағы еркін күрестен ашық турнир басталды. Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Жандарбек Далабаев құттықтау сөз сөйлеп, жас палуандарға сәтттілік тіледі. Спорттық шараға құрметті қонақтар - елімізге танымал спортшылар қатысты.

Біздің сауалнама: Қарасайлықтар ақпаратты қайдан алады?

Жүргізген сауалнамамызға қарағанда, қарасайлықтар ақпаратты көбіне ғаламтор желісінен алады екен. Бүгінгі таңда газет оқитын адам өте аз кездеседі.

"Kaskelenkz"-тің youtube арнасыда: https://www.youtube.com/watch?v=bYMESwLR-KA