Қай мәселеге де халықтық мақсат-мүдде тұрғысынан келу керек

Қай  мәселеге де халықтық мақсат-мүдде тұрғысынан келу керек

Өткен жыл аяғында Қарасай аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы болып, оның жұмысын кеңес төрағасы Сағат Мәсімақынов жүргізді.
Алдымен күн тәртібіндегі бірінші мәселе – «2018 жылға арналған аудан бюджетінің игерілуі, ауданның экономикалық көрсеткіштерінің деңгейі туралы» аудандық қаржы бөлімінің басшысы Тоты Каримова мен аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жеңіс Ноғайбаев хабарлама жасады.
Сонымен, аталған отырыста аудандық бюджеттің толық орындалуы, сонымен қатар, осы орайда қол жеткізілген экономикалық көрсеткіштер жайында жан-жақты әңгіме болды.
Келесі кезекте қоғамдық кеңес мүшелері аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мемлекеттік қызметтер көрсету аясында өз міндеттерін жүзеге асыру бойынша бөлім басшысының есебін тыңдады. Бұл мәселе бойынша аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Дәрмен Жапаров баяндады.
Мұнан кейін «Президенттің «7-20-25» қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасының іс жүзіне асырылуы туралы» аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімнің басшысы Ербол Нағашыбаев есеп берді.
Жалпы, отырыста қаралған мәселелердің барлығы да аса маңызды, өте өзекті. Сондықтан да, қоғамдық кеңес мүшелері Аян Айтжанов, Сағындық Жылқыбаев, Ақшолпан Марат, Әмина Абдраманова, Сәбит Пішенбаев осы жерде хабарлама жасап, есеп берушілерге көптеген сұрақ қойды, өздерінің орнықты ой-пікірлерін ортаға салып, ұтымды ұсыныстарын айтты, ортақ жұмысты одан әрі жақсартуға, іркілмей ігерілетуге байланысты талап-тілектерін жеткізді.
Әсіресе, Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге арналған «7-20-25» бағдарламасын нақты іске асыру үшін осы бағыттағы жұмыстарды барынша күшейту керектігіне кеңінен тоқталды.
Отырысты қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Ұлтарақұлы қорытындылап, алда да өздерінің міндеттеріне сай жұмыс атқарып, халық пен билік арасында алтын көпір бола беретіндіктерін атап айтты, қандай мәселеге болсын, бірінші кезекте елдік үлкен мақсат-мүдде тұрғысынан келу керектігін тағы да еске салды, кеңес мүшелерін шын жүректен жаңа жылмен құттықтап, бақ-береке, жақсылық тіледі.

Берікбай ҚАДЫҚОВ.