Түрік этномәдени орталығындағы келісті кездесу

Түрік этномәдени орталығындағы келісті кездесу

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Елбасымыздың Жолдауы жариялағаннан бері ауданымызда жан-жақты түсіндіру жиындары жалғасуда. Аудан халқы Мемлекет басшысының ұсынған Жолдауынан толықтай хабардар болу үшін мұндай талқыға толы жиналыстардың өткізілуі, әрине, орынды. Сондай келісті кездесулердің бірі өткен аптада түрік этномәдени орталықтың мүшелері арасында да болды.
Ынтымақтастықты ту еткен түрік ағайындар Президентіміздің Жолдауынын бөлек «Рухани жаңғыру» аясында атқарылған жұмыстарға да ерекше тоқталды. Сондай-ақ, бауырластықты арттыратын игі бастамаларға қатысты іс-шаралардың жоспары құрылды. Әңгіме барысында аудандық «Ахыска» түрік этномәдени орталығының төрағасы Руслан Мамедов те өз ойын ортаға салып, келушілермен тағылымы мол ақпараттарымен бөлісті. Оның ішінде жуырда арнайы іс-сапармен ауданымызға келген ҚР Мәжіліс депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Шакир Хахазовпен болған кездесуін де тілге тиек етті. Жолдауға байланысты орталықтың төрағасы халық игілігіне арналған біршама басым бағыттарды айшықтап түсіндірді. Мәселен, қазақстандықтардың табысының өсуі, өмір сүруге жайлы ортаның қалыптасуы, тұрғын үйге қатысты «7-20-25», «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» сияқты мемлекеттік бағдарламалардың мақсат-міндеттері айтылды.
Осылайша бауырлас ағайындардың келісті басқосуы ойдағыдай өтті. Алдағы уақытта ауданымызда түрік этномәдени орталығының қызметтеріне қатысты патриотизм мен бірлікті дамыту аясындағы біраз істердің жобасы жоспарланды.
Дидар МУХАМАДИЕВ.

 

Последние новости

Жалынды жастардың басқосуы
Мерейлері үстем болды
Майдангерге құрмет
Таэквондодан республикалық турнир
Студенттер Елбасының туған жерінде
Особое внимание каждой семье
Талдықорғандағы жаңа театрдың ашылу салтанаты
У ішіп жүрген жоқпыз ба?