Студенттер Елбасының туған жерінде

Студенттер Елбасының туған жерінде

Елбасы ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында бірнеше міндетті жоба жұмыстары атап көрсетілген еді. Соның бірі – өлкетану бағытындағы «Туған жер» бағдарламасы. Оның аясында қаншама игі бастамалар әлі де атқарылып, жемісті жұмыстар өз нәтижесін көрсетуде. Жалпы, мақсатына қарай бұл бағдарлама көп бастамаға себепші, оның ішінде жастарға рухани бағыт-бағдар беріп, отансүйгіштікке тәрбиелеу сияқты құндылықтарды қамту. Сонымен қатар, жас ұрпақтың болашағы туралы айтылғанда Мемлекет басшысының келесі жыл «Жастар жылы» деп атап көрсеткені еріксіз ойға оралады. Бұл да бір өскелең жас буынға деген жақсы бастама.
Ия, Президентіміз үнемі жастарды қолдауы, үлкен үміт артып, олардың ұлт кепіліне айналуына барлық жағдайды қарастырудан жалыққан емес. Саналы ұрпақтың қалыптасуына әр аймаққа жүйелі жұмыстарды да міндеттеп тапсырғанын айтпасқа болмас.
Осы орайда Ілияс Жансүгіров атындағы университеттің белсенді білімгерлері ұстаздардың қолдауымен «Елбасы жолы» атты бір күндік керуен өткізді. Экспедиция бағдары Нұрсұлтан Назарбаев туып-өскен Алматы облысынан басталды. Жас жеткіншектер алдымен Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округінде орналасқан «Анаға құрмет» атты мұражайына ат басын тіреді. Білімгерлерді жылы жүзбен қарсы алған мұражай қызметкерлері елімізге танымал апа-әжелері-міздің өмір салты мен тарихы туралы айтып қана қоймай, оларға қатысты материалдар, құжаттар, фотосуреттер, картиналар, тұрмыстық бұйым-дарымен таныстырып өтті. Тарихи естелікке толы ғимаратты аралаған экспедиция мүшелері мұражай қасында орналасқан «Батыр бабаларға тағзым» мемориялына барды. Ол жақта студенттерді шайқасты ұрыстар мен ел тағдыры қыл үстінде тұрған алма-ғайып заманда өзінің ерлігімен талай жаудың бетін қайтарып, ұлан ғайыр атырапты ұрпағына сақтап қалған атақты хандар мен батырлардың портреттерімен танысты.
Сонымен қатар, аталмыш аудандағы бірқатар тарихи орталықтарға, оның ішінде Наурызбай мен Қарасай батырлардың ескерткіштеріне, Шамалған ауылындағы Елбасы білім алған мектепке және «Тұңғыш Президент» саябағына барып қайтты.
Бұл саяхатта балалар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының өмір жолын, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлерімен, Елбасымызға қатысты ескеріле бермейтін естеліктері сақталған тың деректермен танысты. Шара соңында студенттер алған әсерлерімен бөлісіп, экспедияцияны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.

 

Последние новости

Особое внимание каждой семье
Талдықорғандағы жаңа театрдың ашылу салтанаты
У ішіп жүрген жоқпыз ба?
Ажырасу абырой әкелмес
Заманауи бағыттағы мектеп
Ұлттық аспап ұлықталды
Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы
Техника іске дайын