Қоғамдағы биік орнын белгілеп берді

Қоғамдағы биік орнын белгілеп  берді

Республикамыздың барша ұстаздары өз төл мерекесін қуана қарсы алып жатқанда мұғалімдердің әлеуетін, әлеуметтік жағдайын қарастырған Елбасының осы Жолдауы мұғалім мәртебесін тағы бір көтеріп тастады. Онда бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өсетіні айтылып, одан бөлек республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлу қарастырылғаны да айтылып, орта білім беру жүйесінде оқытуды жан-жақты ету белгіленген. Қазіргі кезеңде солардың орындалуына баса назар аударған жөн деп атап көрсетілді. Ал, Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесін мемлекеттік мектептерге енгізу, білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандартқа негіздеу керек екені де баяндалды. Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды, бұл «оқытудың жеке бағдарын жасауға және оқушы мен мұғалімнің оқу жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді», деген пікірлері барша ұстаздардың қолдауына ие болды. Ал, «Педагог мәртебесі» туралы Заң мұғалімдердің қоғамдағы биік орнын айқындап берері сөзсіз. Осы орайда, жаңашылдығы мол Елбасының Жолдауы бәріміз үшін де өте маңызды дейміз.
Венера КДЫРБАЕВА,
Абай атындағы орта мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.