Әлеуметтің әлеуетін көтеру үшін

Әлеуметтің әлеуетін көтеру үшін

Жаңа сессияның ашылуы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент депутаттарына елге қажетті, өзекті, әлеуметтің әлеуетін көтеретін заң жобаларымен жұмыс істеуді тапсырды. Жалпы, Парламент палаталарының бірлескен отырысы депутаттар үшін ғана емес, биліктің барлық сатысы үшін маңызды жиын болды. Себебі, бұл ел үшін білек сыбана іске кірісер уақыт.
Мемлекет басшысы бұл жиында 7 мәселеге айрықша тоқталып, оларды шешу жолдарын ұсынды. Соның ішінде Президентіміз осы жолы да кәсіпкерлікке баса назар аударды. Қуатты экономиканың негізі шағын және орта бизнес екендігін айтқан Ұлт Көшбасшысы, 2050 жылға қарай оның экономикадағы үлесін 50 пайызға жеткізуді басты стратегиялық мақсат етіп қойды. Қазіргі таңда ол 30 пайызды құрап отыр.
Бұған қоса, еліміздегі кәсіпкерлікті дамыту мақсатында наурыз айында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуінің төртінші бағытында да шағын несие беруді көбейту жөнінде айтылды. Кәсіпкерлікті дамыту аясында, «Атамекен» ҰК палатасының ұйымдастыруымен, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша білім беру курсы қолға алынды.
Нәтижесінде, өз ісін бастауға қажетті шағын несие алушылар саны 2017 жылға қарағанда екі есеге артқан. Сондай-ақ, мемлекет басшысы шағын бизнес субъектілеріне салықтың арнайы жеңілдетілген режимдерін енгізіп, жоспардан тыс тексерістерді тоқтатуды жолға қойған. Мұнан бөлек, түрлі мемлекеттік бағдарламалардың болуы елдегі кәсіпкерлік қызметті өрістетуге тың серпін беріп отыр.
Мен де жоғарыда ұсынылған мүмкіндіктердің арқасында өз кәсібімді жүргізудемін. Осы қарқында жұмыс істеп, еліміздің дамыған 30 мемлекеттің қатарынан көрінуіне үлесімді қосуға ниеттімін.

Әсел БАЯЛИНОВА,
«Ас-МАР» ЖШС бас директоры.

 

Последние новости

Претворяя семь ключевых задач
Азаматтық борышымыз
Спасая природные богатства
Мешіттер де үлесін қосты
Ретсіз саудаға рейд жалғасуда
О судебной реформе, медиации и многом другом
Тарихқа көз салсақ…
Бұл жүйе қалай жұмыс істейді?