Бұл жүйе қалай жұмыс істейді?

Бұл жүйе қалай жұмыс істейді?

Елбасы өзінің қаңтар айындағы Жолдауында «Денсаулық сақтау жүйесі кезең-кезеңімен халық, мемлекет және жұмыс берушіге ортақ жауапкершілігін талап ететін, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне көшеді. Осы жүйені енгізу ешқандай күмән тудырмайды» деген болатын. Осы орайда МӘМС жүйесі халық үшін қалай жұмыс істейтіні туралы біраз ақпарат беруді жөн көрдік. Біріншіден, қымбатқа түсетін стацианарлық емнен шығынды талап етпейтін әрі тиімділігі жоғары медициналық көмек түрлерін қолдануға ауысу. Замануи медицинада аурудың алдын алуға орасан зор көңіл бөлінуі керек. Статистикаға сүйенсек, аурушаңдықтың басым бөлігі асқынған сатысында анықталып, соның салдарынан мүгедектік пен өлім-жітімнің саны саны өсуде. Осыған байланысты емдеу шараларына науқастың өзімен қатар, мемлекеттің де шығындары артқан. Олай болса,денсаулық сақтау жүйесінде стационарды ауыстыратын медициналық көмек түріне ауысатын кез келді. 2018жылы жалпы тегін кепілдендірілген медициналық көмекке бөлінген қаражаттың 5% стационарды ауыстыратын медициналық көмек түріне бөлініп жатыр. Сондықтан әрбір тұрғын өз денсаулығына жауапкершілік танытып, аурудың алдын алу шараларын қолдану керек. Ол ең алдымен саламатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтау, физикалық белсенділікке көңіл бөлу. Аурудың алғашқы белгілері болған жағдайда емханаға келіп, амбулоториялық емге жүгіну керек. Қазіргі таңда әрбір науқас дәрігерді үйге шақыру, үйдегі стационар, күндізгі стационар, паллиативті көмек пен қайта оңалту, мейірбикелік күтім сияқты стационарды ауыстыратын медициналық көмекке қол жеткізе алды. Медициналық көмектің бұл түрлерінің тиімділігі экономикасы дамыған елдерде дәлелденген және Қазастандағы денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтануына зор мүмкіндік береді.
Тегін кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне жаңа модель қолданылатын болады.Медициналық сақтандыру жүйесі арқылы көрсетілетін кепілдендірілген медициналық көмек шеңбері ұлғайып, денсаулықты қашықтықтан басқарудың жаңа жүйелері іске қосылады. Осы мақсатта әлеуметтік маңызы бар созылмалы ауруларды диагностиклау мен емдеуге шығынды көп талап ететін стационарлық емнен алшақтап, амбулаториялық көмекке ауысуға ерекше мән беріледі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша медициналық көмекке жүгінудің жүктемесін ескере отырып, тиімділігі жоғары және қаржылай шығынды көп талап етпейтін медициналық көмек түрлеріне іріктеу жүргізіледі.
Ұялы телефонды қолдану шеңберінің кеңдігін ескере отырып, МӘМС жүйесі ақпараттық-мобильді қосымшаларды жетілдіру арқылы халыққа медициналық көмекті қолжетімді және тиімді етуді көздейді. Емхана мен аурухананың жұмысына баға беріп, емдеу мекемесінің жұмысы жайында пікір қалдыруға болатын «МСҚ: Халықтық бақылау» смартфонға жүктелетін мобильдік қосымшасын қолдануға болады.
Е. САРСЕНБАЕВ,
аудандық орталық аурухананың
бас дәрігері.

 

Последние новости

Ғалым, ұйымдастырушы
Парламент депутатымен кездесті
Спорт және сауықтыру орталығы ашылды
Салтанатпен аталып өтті
Победы Арнура и Хусейна в Таиланде
Егер кәмелеттік жасқа толмаса…
Қайырымдылық – адамгершілік белгісі
Бұл да тәлім-тәрбие көзі